12 шілде 2019 | 18:02

Шымкентте 100-ден аса нысан заңсыз салынған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Myslo © Myslo

Шымкент қаласының аумағында 104 нысан заңсыз салынған. Бұл туралы сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы айтты, - деп хабарлайды "Отырар"


Иконка комментария блок соц сети

Шымкент қаласының аумағында 104 нысан заңсыз салынған. Бұл туралы сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы айтты, - деп хабарлайды "Отырар"

Мекеменің 6 айда атқарған жұмыстары туралы есеп берген Жеңіс Байымбетов қала аумағында заңсыз салынған құрылыстарға мониторинг жүргізілгенін жеткізді. Нәтижесінде қалада құрылыс талаптарына және заңға қайшы салынған 104 нысан анықталған.

Есепті мерзімде басқарма тарапынан 19 мыңнан аса мемлекеттік қызмет көрсетілген. Брифинг барысында тілшілер тұрғындардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап алды. Соның өзектісі - қала ішінде салынған жанар-жағармай бекеттері мен өндіріс орындарын салуға қойылатын талаптар.

"Құрылыс нормативтері және ережелерге сәйкес тұрғын үйлер мен  өзге нысандардың арасындағы қашықтық 15-20 метр, бұл  екі-бес қабатты үйлерге қатысты. Жанар-жағармай бекеттері мен тұрғын үйлердің арасындағы қашықтық  50 метрден кем болмауы тиіс. Ескеретін жәйт,  жанар-жағармай бекеттері 3 санатқа  бөлінеді", - дейді Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Жеңіс Байымбетов. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети