05 шілде 2019 11:10

Шымкентте домбыра құрметіне 7 метрлік ескерткіш орнатылды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте Домбыра күніне орай 7 метрлік монумент ашылды, - деп хабарлайды Otyrar.kz тілшісі. 


Шымкентте Домбыра күніне орай 7 метрлік монумент ашылды, - деп хабарлайды Otyrar.kz тілшісі. 

Ескерткіш меценаттардың қаржысына тұрғызылған. Монументтің биіктігі - 7 метр, қатты металдан жасалған. Суретшілер одағының мүсіншілерімен соғылған ескерткіштің салмағы 500 келі тартады.

"Наурыз айынан бастап жұмыс істедік. Қалай шығады деп уайымдадық. Үш нұсқасы болған. Содан осы металдан жасауды таңдадық. Металл тозбайды ғой. Ал авторы мынау деп айта алмаймын. Көпшіліктің идеясы", - дейді Суретшілер одағының төрағасы Әбдумүтәлі Ахметов.

Осы жолы іс-шараның соңына дейін қалған қала әкімі күмбірлеген күй үнінің өзіне ерекше әсер еткенін айтты. Тіпті мектеп кезінде бастап, кейін тастап кеткен домбыра тартуды үйренуді жалғастыруға ниетті екендігін айтты.

"Қазақ xалқы жылап-жылап болдық қой. Енді күліп жүретін заман. Мен өзім бұрын мектеп кезінде домбыра үйренгем. Бір-екі күй білемін. Соны қайта үйренсем деп жүрмін", - деді қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов.

Ескерткішке кеткен қаражат айтылмады. Домбыра монументі Түркістан сарайының алдында орнатылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети