04 қаңтар 2016 17:34

Шымкентте Жаңа жыл түнінде 13 бала өмірге келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Otyrar.kz. © Otyrar.kz.

Еліміздің он үшінші ауданында 31 желтоқсан мен 1 қаңтар аралығында дүниеге 13 сәби келді, - деп хабарлайды Otyrar.kz.


Еліміздің он үшінші ауданында 31 желтоқсан мен 1 қаңтар аралығында дүниеге 13 сәби келді, - деп хабарлайды Otyrar.kz.

Мерекелік түнде областық №2 перинаталдық орталықта дүние есігін 5 ұл және 8 қыз ашқан. Жас аналардың арасында 1 қаңтар күні сағат 01.15-те ұл баланы дүниеге әкелген Лаура Пірманова да бар. "Үлкеніміз қыз. Енді, міне, Аллаға шүкір, ұлды болдық. Күйеуімнің қуанышында шек жоқ. Ұл сыйлағаным үшін риза. Атын Батухан деп қоюды ойластырып отырмыз. Мен өте бақыттымын. Енді Жаңа жылмен бірге ұлымның да туған күнін атап өтеміз", - деді жас ана.

Орталықтың дәрігерлері бұл Жаңа жыл түнінде жас босанған аналардың ешқайсысы аса қатты қиналмады деп отыр. Ешкімге де кесер тілігі жасалмаған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жаңа жыл түнінде Қызылорда облысындағы перзентханаларда 33 сәбидің дүниеге келгені хабарланған болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети