ПОДЕЛИТЬСЯ
26 желтоқсан 2018 | 13:07
Шымкентте жедел жәрдем қызметінің үш жаңа бекеті ашылды
Шымкентте жедел жәрдем қызметінің үш жаңа бекеті ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шымкентте жедел жәрдем қызметінің үш жаңа бекеті ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сала мамандары тұрғындардың шақырулары мен шағымдарын саралай келе 3 шағын ауданға бекеттердің қажеттігін анықтаған.
"Халық тығыз орналасқан Қайтпас-2, Айқап және Қарабастау шағын аудандарында үш бекеттің ғимараты бой көтерді. Соның нәтижесінде жедел жәрдем бригадаларының науқастарға жету уақыты азаяды", - дейді сала мамандары.
Жаңа бекеттердің ашылу салтанатына Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Қасымов қатысып, фельдершердің жұмысымен танысты.
"Қазіргі таңда жеделжәрдем қызметі шақыртуларға 10 минут ішінде жетуде. Халық саны көбейіп, қала аумағы кеңейіп жатқандықтан, әлі де бекеттер қажет. Бізде бүгінде 81 бригада болса, норматив бойынша шаһарда 100 бригада жұмыс істеуі қажет", - дейді қаланың бас дәрігері.
Нұрлан Қасымовтың айтуынша, жедел жәрдем қызметінің сапасы жақсартуда түрік кәсіпкерлерімен меморандум жасалған. Соның аясында келесі жылы қалаға жаңа 100 жедел жәрдем көлігі жеткізілмек.
Ал Қайтпас-2 шағын ауданындағы №6 бекетте 10 бригада 150 мың тұрғынға медициналық көмек көрсетеді. Жұмыс қабинеттері заманауи жабдықтармен қамтылған. Диспетчерлікбөлме, фельдшер кабинеті, дәріхана қоймасы, демалыс бөлмесі бар. Мамандар интернет арқылы науқастың мекен жайын анықтап, диагнозымен таныса алады. Сол секілді №1 бекетте 6 бригада 9 мың халыққа, №3 бекеттегі 8 бригада 12 мың тұрғынға қызмет көрсетуді бастады.
Показать комментарии
Читайте также