12 сәуір 2014 10:16

Шымкентте қару асынған жігіт ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото otyrar.kz Фото otyrar.kz

Шымкентте полицейлер әскери қаруы бар ер адамды ұстады. Оның сөмкесінде тапанша, темір шоқпар, (дубинка) көзден жас ағызатын газ баллоны және пышақ болған деп хабарлайды Otyrar.kz.


Шымкентте полицейлер әскери қаруы бар ер адамды ұстады. Оның сөмкесінде тапанша, темір шоқпар, (дубинка) көзден жас ағызатын газ баллоны және пышақ болған деп хабарлайды Otyrar.kz.

Күдікті полицияның кезекшілеріне Шымкенттің бір тұрғыны қоңырау шалғаннан кейін ұсталған. Полицияға қоңырау шалған жергілікті тұрғындардың бірі өзін көшеде велосипед теуіп жүрген кезінде екі жігіт қорқытып, велосипедін тартып алмақ болғанын жеткізеді. Оқиға орын алған жерге жол-патруль полициясы келіп, артынша жарты сағаттан кейін күдікті жігіт ұсталған. 

Тексеру барысында күдіктінің сөмкесінен жоғарыда аталған суық қарулар табылды. Осынша қаруды арқалап жүрген жігіт полицейлердің сауалына пышақты саңырауқұлақ теруге бола алып шыққанын, ал тапаншамен кешкісін бос бөтелкелерді атпақ болағынын, темір шоқпармен иттерден қорғанатынын айтып еш мүдірместен жауап берген. Қазір ұсталған жігіт полиция бөлімшесінде қамауда, оның үстінен тергеу жұмысы жүргізілуде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети