30 қараша 2018 | 20:11

Шымкентте кедендік декларациялаудың кейбір ерекшеліктері талқыланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Шымкент қаласы мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметінен Сурет Шымкент қаласы мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметінен

2018 жылғы 30 қарашада Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Нұралхан Оралбайұлы Көшеровтің төрағалық етуімен және "Нұр Отан" саяси партиясының Шымкент қаласы филиалының төраға орынбасары Бегайдар Мұсаұлы Төлегенов, "Атамекен" Шымкент қаласы бойынша кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Дармен Данияр, жауапты мамандар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға арналған (СЭҚ саны-30) "Кедендік декларациялаудың кейбір ерекшеліктері" тақырыбында дөңгелек үстел өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Иконка комментария блок соц сети

Шараны Департамент басшысы Нұралхан Көшеров кіріспе сөзбен ашты. Ол өз сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам"  бағдарламасының 38 қадамында экспорттық және импорттық кеден рәсімдерінен өту кезінде "бір терезе" қағидатын енгізу, электронды жария ету жүйесін дамыту (тауарларды кедендік тазалауға автоматтандырылған жүйені енгізу), экспорт және импорт үшін құжаттар санын және оларды өңдеу уақытын қысқарту" тапсырылғандығын атап өтті.

Ұлт жоспары мен "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ҚР "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" кодексімен Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарларғадекларацияны ұсыну міндетті түрде электрондық түрде жүзеге асырылуы қарастырылған.

Осы жүйенің негізгі мақсаты кедендік ресімдерді жылдамдату, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың уақыттық және қаржылай шығындарын қысқарту, электронды декларациялау жүйесін енгізу, құжаттар санының қысқаруына мүмкіндік туғызу, алдын-ала ақпаратты ұсыну және кедендік декларацияны шығару, ең бастысы кеден органы мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың тікелей қатынасын қысқарту арқылы сыбайлас жемқорлық көріністерін азайту болып табылады.

Әрі қарай кеден саласының бірқатар мамандары баяндама жасады. 
"Тауарларды шартты түрде шығаруды қолдану және кедендік декларацияларды кері қайтару тәртібі туралы" - Кедендік бақылау басқармасының басшысы Т.Тұрғанбаев;
"Кедендік құн мәселелері бойынша кеңес берулердің мерзімі мен ережесі туралы" - Тарифтік реттеу басқармасының басшысы А.Саметова;
"АСТАНА-1" ақпараттық жүйесінде жұмыс жасау үшін сыртқы қолданушыларды тіркеу тәртібі туралы" - Кедендік бақылау басқармасының жетекші маманы А.Иманалиев.

"Дөңгелек үстел" соңында қатысушыларға "АСТАНА-1" ақпараттық жүйесінде жұмыс жасаудың негізгі ерекшеліктері, басшылардың азаматтарды қабылдау күні және кеден бекеттерінің байланыс сымтетіктері көрсетілген брошюралар үлестірілді.

Іс-шара жоспарланған бағдарлама аясында, ұйымдастырушылар мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың белсенді пікір алмасуы арқылы сәтті өткізілді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети