02 қаңтар 2019 | 11:04

Шымкентте коммуналдық қызмет түрінің барлық тарифі арзандады

Шымкентте табиғи монополияларды реттеу департаментінің жоспардан тыс тексеруінен кейін коммуналдық қызмет түрінің барлық тарифі арзандады, - деп хабарлайды "Хабар 24".

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте табиғи монополияларды реттеу департаментінің жоспардан тыс тексеруінен кейін коммуналдық қызмет түрінің барлық тарифі арзандады, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Мамандар ірі үш компанияны тексеріп, тариф қалыптастыру бойынша құқықбұзушылықтарды анықтаған. Газ көрсеткішін негізсіз көтеру және жылу үшін төлем жасау деректері анықталды. Бүл үшін мекеме әкімшілік жауапкершілікке тартылады. 

Реклама
Реклама

Тексеру нәтижесінде 12 монополист тарифтердің төмендетуді жоспарлап отыр. Ендігіде шымкенттіктер жылу үшін айына орташа есеппен бес мың теңге төлейді. Бұрындары алты мың теңге төлеп келген. 

"Сумен жабдықтау саласында қазіргі тарифтер орташа есеппен 7,5 пайызға, су тарту - 6,8 пайызға, газбен қамту - 5,8 пайызға, электр қуаты үшін тариф 7 пайызға төмендеді", - деді Шымкент қалалық табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Дархан Қайынбердиев. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная