06 ақпан 2015 09:42

Шымкентте көпбалалы отбасында дүниеге келген сәбиге автобесік берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ОҚО ІІД баспасөз қызметі ©ОҚО ІІД баспасөз қызметі

Шымкентте әкімшілік полиция басқармасының басшылары көпбалалы отбасында дүниеге келген сәбиге автобесік сыйға берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шымкентте әкімшілік полиция басқармасының басшылары көпбалалы отбасында дүниеге келген сәбиге автобесік сыйға берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ОҚО ІІД Әкімшілік полиция басқармасының қолдауымен осы жылдың 5 ақпаны күні Шымкент қаласындағы №4 облыстық перзентханада "Сәбидің өз өмірінде алғаш жол жүруі" атты іс-шарасы өткізілген. "Әкімшілік полиция басқармасының басшылары акция аясында Бәйдібек ауданының тұрғыны көп балалы анаға автобесік сыйға тартты", - дейді полицейлер.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, шараның өткізудегі негізгі мақсат - автокөліктерде бала туылғаннан бастап, балаларды ұстап тұратын қауіпсіздік құралын міндетті түрде пайдалану қажет екендігін айқындап түсіндіру. 

"Жаңа заңнамаларға сәйкес ағымдағы жылдың 7 қаңтарынан бастап 12 жасқа толмаған балаларды автобесіктер мен арнайы құрылғыларсыз көлікпен алып жүруге тыйым салынған. Көп жағдайларда жарақат алған балалар ата-аналары өз автокөліктерінде балаларды алып жүру ережелерін сақтамағандықтан болады. Ата-аналар қауіпсіздік белдігін тақпағандықтан, балаларды ұстап тұратын қауіпсіздік құралын пайдаланбағандықтан, балалардың жол апатынан қаза болуы артып кеткен", - делінген баспасөз хабарламасында.

Тәртіп сақшылары өңірде болған өлім-жітім деңгейі статистикасымен таныстырды. Олардың айтуынша, облыста өткен жылдың өзінде балалардың қатысуымен 305 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 7 бала қаза болып, 333 бала түрлі жарақат алған. Ал, осы жылдың қаңтар айында 3 бала қаза болып, тағы 29-ы түрлі жарақат алған. Барлық жағдайлар ата-аналардың жол ережесіне салғырт қарағандықтарынан орын алған.

Еске сала кетейік, жаңа ережелерге сәйкес, Қазақстанда автокөліктерде балаларды тасымалдау үшін балаларды бекітетін арнайы құрылғы орнатылуы керек. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 593-бабына сәйкес, осы талаптарды орындамағандарға 9 910 теңге (5 айлық есептік көрсеткіш) көлемінде айыппұл салу қарастырылған, егер бір жыл ішінде заңды екінші мәрте бұзғандарға 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети