1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Шымкентте көші-қон заңын бұзған 587 шетелдік азамат жазаланды

Қазақстан мен Өзбекстан Қауіпсіздік Кеңесі аппараттары арасында кезекті екіжақты консультациялардың қорытындысымен Өзбекстан Республикасы ІІМ-нің қатысуымен заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл бойынша "Заңсыз келуші" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді, - деп хабарлайды "Отырар"

Іс-шараның мақсаты заңсыз көші-қон арналарын, сондай-ақ заңсыз көші-қонға қатысты өзге де заңға қайшы іс-әрекеттерді анықтау және жолын кесу.

Шымкент қаласының Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері Өзбекстан Республикасы Ішкі істер министрлігінен келген қонақтармен бірлесіп заңсыз көші-қонға қарсы рейдтік іс-шара өткізді.

Аталған жедел-алдын алу шараларының және күнделікті атқарылған жұмыс нәтижесінде Шымкент қаласы бойынша Қазақстан Республикасына келу, болу және ҚР-нан кету Ережелерін бұзған барлығы - 587 шетелдік мен ҚР азаматтары анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Оның ішінде: 511-і шетелдік, 76-ы ҚР азаматтары. Аталған құқықбұзушылардың 320-ы ескертілген, 70-не әкімшілік айыппұлдар салынып, 153 шетелдік әкімшілік қамауға алынды. Өзге елдердің 44 азаматы сот шешімдерімен ел аумағынан шығарылған.

Шымкент қалалық полиция департаменті қабылдап-бөлу мекемесіне жеке бастарын анықтайтын құжаттары жоқ - 127 адам орналастырылды. Сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК 449 бабы 3 бөлігімен, яғни, адамдарды мазалап қайыршылық жасап жүрген 12 шетелдік анықталып әкімшілік жауапкершілікке тартылды.