Шымкентте миллиард доллар тұратын ықшамауданының макетін көрсетті

14 Қараша 2016, 21:04
0
Шымкентте миллиард доллар тұратын ықшамауданының макетін көрсетті - © Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Шымкентте миллиард доллар инвестиция тартылатын ауданның қандай болатынын көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Shymkent city жобасы құрылыс алаңының үлкендігімен ғана емес, оған жұмсалатын қаражат көлемімен де таңғаларлық. Шымкент билігі осы жобаға миллиард доллар инвестиция құяды деп жобалайды. Сонымен қатар, республикалық қазынадан  6,7 миллиард теңге бөлінеді. Бұл ақшаға жаңа орталыққа жол салынып, байланыс орнатылып, тұрақтар мен көпқабатты үйлер салынады. 


© Tengrinews.kz

Қала әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеровтың айтуынша, жобаның жалпы аумағы 427 гектарды құрайды, - деп хабарлайды baq.kz. Бүгінгі таңда инфрақұрылым тарту және жол салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Айта кетейік, мұндағы жолдардың орташа ені 40 метрден 50 метрге дейін жетеді. Аталған кешенде жасыл аймақ, тротуарлар мен веложолдар қарастырылған.


© Tengrinews.kz

Құрылыс жұмыстарын 2017 жылы аяқтау жоспарланған. Сондай-ақ, алғашқы тұрғын үйлердің құрылысы аяқталуға жақын. 316 пәтерден тұратын 9, 12, 16 қабатты үйлер, 7 мектеп, 21 балабақша салу жоспарланған. Тоғыз қабатты тұрғын үйлердің алғашқылары келесі жылдың наурыз айында пайдалануға беріледі.


© Tengrinews.kz
Пәтерлер "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасы аясында ұсынылады. Көшеровтың хабарлауынша, "Shymkent city" аумағында 70 мың адам тұруға арналған 300-ден астам көпқабатты үйлер, спорт кешені және қаладағы ең үлкен жалпы аумағы 62 гектардан асатын саябақ болады.


© Tengrinews.kz

ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі таңда шетелдік инвесторлармен қызу келіссөздер жүргізіліп жатыр. "ҚИК" және "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" компанияларымен құрылыс жөнінен арнайы келісімдерге қол қойылды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай