08 шілде 2019 15:44

Шымкентте оқушының сөмкесі үшін екі көшенің қиылысы жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Otyrar.kz © Otyrar.kz

Өткен сенбіде Шымкентте полицейлер бір сөмке үшін екі көшені жауып тастады, - деп хабарлайды Otyrar.kz сайты. 


Өткен сенбіде Шымкентте полицейлер бір сөмке үшін екі көшені жауып тастады, - деп хабарлайды Otyrar.kz сайты. 

Тұрғындар Асқаров көшесі мен Республика даңғылының қиылысында көгілдір түсті сөмкені көріп, "102" нөміріне хабарласқан. Көп ұзамай сол маңға полицейлер келіп, аймақты жауып тастады. 

Сөмкені тексерген олар оның ешқандай қауіп төндірмейтінін анықтаған. 

Кейін бұл 11 жастағы оқушы қыздың сөмкесі екені белгілі болды. Ол әуе шары салынған сөмкесін көшеде ұмытып кеткен екен. Кейін оқушының ата-анасы аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілген. Сол жерде оқушы қыздың қоғамдық орындарда заттарын бұған дейін де ұмытып кеткені анықталды. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети