09 маусым 2014 17:38

Шымкентте полицейді көлік қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото vesti.kz Фото vesti.kz

 Шымкентте жол-көлік оқиғасынан полиция қызметкері зардап шекті, полицейді жаяу жүргіншілер жолында көлік қаққан,-
деп хабарлайды Tengrinews.kz    Оңтүстік Қазақстан облысы, Ішкі істер департаментіне сілтеме жасай отырып.


 Шымкентте жол-көлік оқиғасынан полиция қызметкері зардап шекті, полицейді жаяу жүргіншілер жолында көлік қаққан,-
деп хабарлайды Tengrinews.kz    Оңтүстік Қазақстан облысы, Ішкі істер департаментіне сілтеме жасай отырып.

Көлік апаты кезінде полицей жолдан өтіп бара жатқан.  Ішкі істер департаментінің мәліметінше, Шымкенттің 24 жасар тұрғыны көлік оқиғасына жол берген. Ол оқиға орнынан өзінің Daewoо автокөлігімен жасырынып кетіп қалмақ болған.

"Оның соңынан полицей қызметкерлері қуып жүріп, екі көшеден өткеннен кейін ол ұсталды.  Ал ол қағып кеткен полиция қызметкері басынан жарақат алып, қалалық ауруханаға жатқызылды.  Көлік оқиғасына жол берген жүргізуші ұсталғаннан кейін жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан полицейді байқамағанын айтты" деді ведмостваның баспасөз хатшылығы .

Қазірде аталмыш жағдайға байланысты "Жол көлік-қозғалысы ережесін бұзды" деген баппен қылмыстыс іс қозғалды.

Еске салайық, таяуда Шымкентте жол көлік оқиғасынан 15 адам зардап шеккен болатын. Ол кезде автобус жолаушыларымен қоса аударылып қалған еді. Болжам бойынша жол көлік апаты 23 жастағы Volkswagen Vento көлігін жүргізуші азаматтың кінәсінен болған.

Қазір ол ұсталды. Оған жол жүру куәлігінен айрылып, 15 тәулікке қамауға алу жазасы кесілуі мүмкін.
Сондай-ақ бұл оқиғаға қатысты жолаушылар тасымалы компаниясына да техникалық ақауы бар автобусқа жолға шығуына рұқсат бергені үшін жаза тағайындалуы әбден  мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети