Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Шымкентте шешесі сабап тастаған қыз отбасына оралды

05 Сәуір 2014, 15:41
0
Сурет Tengrinews.kz мұрағатынан алынды
Сурет Tengrinews.kz мұрағатынан алынды

Бірнеше күн бұрын өз шешесі аяусыз сабап тастаған бес жасар қыз отбасына оралды деп хабарлайды Mediatv. Көршілер қамқорлық органының мұндай шешіміне таң қалысып, наразылық білдірген.

Шешесі қызым тіл алмайды, сондықтан оны сабаймын дейді. "Өзім тудым, бес жыл бойы ешкімге телміртпей бағып-қағып өсіріп келемін, сабасам жаман мақсатта емес, тәрбиелегім келді" деген ана туған баласын кері қайтарып бергеніне таң қалған көршілерін түсіне алмай дал. 

Еске сала кетелік, анасы баласын наурыздың аяғында таяқ астына алған. Сол кезде шырылдаған баланы қолынан көршілері кеп тартып алған. Бірақ өкшелей қуып жеткен ана қызын ішінен теуіп, басынан тоқпақтай жөнелген. Ақыры болған уақиға орнына милиция мен жедел жәрдем қызметкерлері кеп жеткен. Дәрігерлер келгенде, баланың маңдайы жарылып, бетін қан жуған. Басынан ісіген орындар да анықталған. Сондықтан қызды дереу облыстық ауруханаға жөнелткен.

Көршілердің айтуынша, отағасы қыз бен шеше арасына түсе алмайды екен. "Мен онымен қаншама рет сөйлесіп көруге тырыстым. Күйеуі - үндіс. Үнемі үйден жырақта жүреді. Бірде қасына барып: "Неге әйеліңіз бажылдай береді, баланы да сабайды" деп сұрадым. Сөйтсем ол: "Әйелім айғай-шу бастап жібергенде мен тез үйден сытылып шығып кеткенді жөн көремін" деді дейді көршісі Нина Ивановна.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай