© Tengrinews.kz
Наурыз мейрамы қарсаңында шымкенттіктер бірінші болып елде шомылу маусымын ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Наурыз мейрамы қарсаңында шымкенттіктер бірінші болып елде шомылу маусымын ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл қалалық өзен жағасында дәстүрлі болып кеткен "Қошқар ата сейілі" фестивалі кезінде болды. Мұнда қой көтеруден жарыс өтті.
Мереке қатысушылары қалалықтардың Қошқарата өзеніне түсуіне таңғалды. Айта кетейік, 20 наурызда Шымкентте ауа температурасы 26 градуыты көрсетті. Балалар мен жасөспірімдер суға шомылып, осылайша шомылу маусымын ашты.
© Tengrinews.kz