Шымкентте соғыс ардагерлеріне дәрі-дәрмек алу үшін сертификаттар берілді

06 Маусым, 10:46
0
Шымкентте соғыс ардагерлеріне дәрі-дәрмек алу үшін сертификаттар берілді -

2019 жылдың 2 мамырында Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан ҰОС ардагері Ғани Ергешевтің жеке есеп шотына  252 500 теңге көлемінде қаржылай бір реттік көмек аударылған болатын. Ал бүгін қарт майдангерге Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы арнайы барып қосымша теледидар сыйға тарту етті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Сонымен қатар "Асыл Әлем" қоғамдық бірлестігі атынан 20 000 теңге көлемінде  барлық 52 ҰОС ардагеріне дәрі-дәрмек алу үшін сертификат табыс етілді.

Отан үшін от кешіп, майданға атанған батырларды ұлықтау шаралары қаламыздың меценаттары да атсалысуы тиіс. Өйткені бүгінгі бейбіт өмірді тарту еткен Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің сүбелі үлесі зор. Міне осы азаматтарымыз бен батыр бабалардың арқасында осындай күнге жетіп отырғанымыз тағы атап өтпеске болмайды.

Еске салсақ, шымкенттік ҰОС ардагерлеріне жыл сайын әлеуметтік қолдаулар мен құрмет көрсетіліп келеді. Мәселен, оларға медициналық көмек республикалық әрі өңірлік деңгейде ақысыз көрсетіледі. Сонымен қатар жыл сайын аға ұрпақ өкілдерін сауықтыру мақсатында 5 мыңға жуық жекелеген санаттағы азаматтарға түрлі сауықтыру орталықтарына жолдама беріледі.

Сонымен қатар, 2000-нан астам ҰОС ардагерлері мен тыл ардагерлері тегін баспасөз басылымдарына жазылып жатыр. 

Айта кетейік, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне көгілдір отыннан басқа коммуналдық қызметтің барлығы тегін көрсетіледі.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай