Шымкентте сыбайлас жемқорлық туралы мәлімет бергендердің еңбегі ескерілді. Олар қазіргі уақытта қомақты қаржымен марапатталған, - деп хабарлайды "Отырар".
Шымкентте сыбайлас жемқорлық туралы мәлімет бергендердің еңбегі ескерілді. Олар қазіргі уақытта қомақты қаржымен марапатталған, - деп хабарлайды "Отырар".
Дәлірегі, миллионды қаладағы бұл қылмысты ашуға көмектескен 7 адамға 1 миллион 153 мың теңге табысталыпты. Маңызды ақапартты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласыбойынша департаментінің басшысы мәлімдеді.
Асхат Жұмағалидың айтуынша, бүгінде пара алушылар мен оны берушілер турасында ақпарат бергендерге тиісті қаржы арнайы талап бойынша тағайындалып келеді. Алдымен ақпараттың дұрыстығы анықталады. Соңынан қылмыс расталып, заңды күшіне енген сот үкімі болған жағдайда оларға тиесілі қаржы аударылып жатыр. Және әрбір тиын мен теңге арнайы жүйеге сәйкес АЕК көлемінде есептеледі. Олардың өзі мен өмірінің қауіпсіздігі де заңмен қорғалады.
Айта кетейік, жыл басынан бері республика бойынша сыбайлас жемқорыллық фактілері туралы тікелей CALL - орталық - 1414 бірыңғай нөміріне 7 адамнан ғана қоңырау түскен. Сондықтан, құзырлылар шымкенттіктерді жемқорлықпен жұмыла күресуге шақырып отыр.