20 сәуір 2016 10:10

Шымкентте таяуда облыстық мәслихатқа сайланған депутат қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Депутат Айдархан Орынбасаров әріптестерінің ортасында. © ktk.kz Депутат Айдархан Орынбасаров әріптестерінің ортасында. © ktk.kz

Шымкентте таяуда облыстық мәслихатқа сайланған депутат Айдархан Орынбасаров қамауға алынды. Ол жаңа қызметінде бір ай да істемеді. Қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын әл-Фараби аудандық соты таңдады, - деп хабарлайды КТК


Шымкентте таяуда облыстық мәслихатқа сайланған депутат Айдархан Орынбасаров қамауға алынды. Ол жаңа қызметінде бір ай да істемеді. Қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын әл-Фараби аудандық соты таңдады, - деп хабарлайды КТК

Халық қалаулысы аса ірі көлемде ақша бопсалады деген күдікке ілінген. Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл істі бақылауға алды (ҰҚК).


Депутат Айдархан Орынбасаров. © ktk.kz

Қазіргі уақытта күдікті кардиологиялық орталықта жатыр, оны тәртіп сақшылары тәулік бойында бақылауға алған. Дәрігерлердің айтуынша, ол ауруханадағы төсегіне кісенделген.


ОҚО облыстық мәслихатының ғимараты. © ktk.kz 

"Орынбасаровтың ауруханада жатқанына алтыншы күн болды. Ол құқық қорғау органдарындағы изолятордан жүрек тұсының ауырғанын және тұншыққанын айтып, жедел жәрдеммен жеткізілді. Біздің мамандар қарап, инфарктке ұшырағанын анықтады", - деп мәлімдеді кардиологиялық орталықтың бас дәрігері Спандияр Бекжігітов. (Дереккөз: КТК)

Қазіргі уақытта депутаттың жағдайы орнықты, апта соңында ол изоляторға қамалады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети