Шымкентте "ұят" сөзі жазылған қыздардың суреті пайда болды

25 Қараша 2018, 10:01
0
Шымкентте "ұят" сөзі жазылған қыздардың суреті пайда болды -

Шымкенттік жастар ұят мәселесін граффитиде бейнеледі, - деп хабарлады Otyrar.

Порталдың мәліметінше, Батыстан бастау алған граффити бүгінгі қоғамда қолдаушыларын тапқан. Ашық түсті бояулармен көмкерілген бейнелер қандай да бір ой саларлық туынды деуге келеді.

"Бүгінде үшінші мегаполисте граффити қарқынды дамып келеді. Ұлтымыздың ұлы тұлғаларын осы сарында бейнелеу бүгінде сәнге айналған. Ұлыларды ұлықтауда таптырмайтын тәсіл дейтіндер де бар. Расында қолдауға тұрарлық дүниелер. Ал жуырда шымкенттік жастар ұяты кеміп бара жатқан қоғамға ой саларлық идеяны бастады", - делінген жарияланымда.

Яғни, ұяттың уызына қанып өскен қазақ аруларының бейнесіндегі граффитилерді көптеп бейнелеуге күш салуда. Ондағы мақсат осы арқылы қоғамда сілкініс тудыру, ой салу. Бұл "Қазақстандағы нәзікжандыларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсымыз" акциясына орайластырылған.

Картина авторларының айтуынша, мақсат - отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсылық білдіру әрі бұл тиімді тәсіл. Туындылар ұзақ уақыт тұратын болады. Осы арқылы қоғам мүшелері ой түйсе деген ниеттері бар.

Ерекше туындылар әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Бірі сын садағына ілсе, бірі қоғамның ұятын оятуға күш салып жатқан жастардың еңбегін жоғары бағалады.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай