22 қыркүйек 2016 13:50

Шымкенттік және астаналық "шіріген байлар" туралы әңгімелер экстремистерді өршіте түседі - депутат

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Астанада экстремизм мен терроризмнің алдын алу мен жолын кесу мәселелерін талқылап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада экстремизм мен терроризмнің алдын алу мен жолын кесу мәселелерін талқылап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Гүлнар Иқсанова маргинализацияға* алып келетін себептерін саралаған.  

"Лаңкестіктерді орындаушылар - көп жағдайда әлеуметтік топтың ішіндегі кедей тұратын адамдар қатарынан болады. (...) Жастардың экстремал әрекеттерге баруы көбінесе басқа ұлттың өкілдеріне, нәсілге, діни көзқарасқа және бай адамдар мен шенеуніктерге деген өшпенділіктен туады", - дейді ол.

"(...) Тағы бір қауіпті жағдай, біздің көзқарасымызда, әлеуметтік фактор маргиналды топтардың экстремисттік жоспарға деген жылылық таныту, бұл өңірлердің бір-біріне деген көзқарасы, менталитетке байланысты. Мысалы әлеуметтік желіде, шымкенттіктер жайлы, олардың ғұрпы жайлы немесе Астана мен Алматының бай адамдары, сондай-ақ Батыс Қазақстандық мұнайшылар  жайлы әңгімелер әр түрлі қылып таратылады. Елдің ішінде ойды өзгертіп беретін жазбалар пайда болып басқа тілдерге аударылып таратылады. Мұндай әрекеттер бірлікті жояды. "Мысалы "Алматылық атқыш" маргинал болған, ол өзіне судьяларды өлтіруді мақсат етіп алған", - деді ол. 

Депутаттың айтуынша, жағдай төмен отбасыларда осындай ой керіс ұғым қалыптасып, экстремизмнің пайда болуына септігін тигізеді.

* Маргинализация - өз мәдениетінде жаңа мәдениетті де қабылдамауы, ол көбіне көпшіліктің өкілдері мигранттарды қабылдамай дискриминациялау

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети