Шымкенттік жігіттің әрекеті жаңа челенджге түрткі болды

09 Желтоқсан 2017, 15:07
0
Instagram.com желісіндегі видеодан жасалған скриншот
Instagram.com желісіндегі видеодан жасалған скриншот

Қазақстандықтар шымкенттік жігіттің аула сыпырушы әйелге мұзды оюға көмектескені түсірілген видеодан кейін жаңа флешмоб бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Kris_p_Almaty паблигінде жас жігіттерді қалалық қызмет жұмысшыларына көмектесуге шақыратын флешмоб басталғаны жарияланды.

Мұның алдында шымкенттік жігіттің әрекеті әлеуметтік желі қолданушыларын тәнті еткен болатын. Кездейсоқ адам жұмысшы әйелге қар тазалауға көмектескен. Осы сәттің видеосы Instagram желісіндегі Dudoser парақшасында жарияланды.

Ол Шымкент қаласының тұрғыны - 23 жастағы Александр Пудовинников болып шықты. Ол өзінің осы әрекетін былай түсіндірді: "Мен "Венеция" аялдамасында тұрдым, өз автобусымды күтіп тұрған едім. Қарасам бір әже қатып қалған қар қалдықтарын бұза алмай жатыр екен. Мен көмектесейін деп ойладым, себебі автобус әлі келмеген еді. Мені түсіріп алып, Интернетке салады деп ойламадым", - дейді ол.


Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай