30 наурыз 2017 13:23

Шымкенттік полицей көлікті өз денесімен тоқтатпақ болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция қызметкеріне бағынбай, байбалам шығарған жүргізуші қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Полиция қызметкеріне бағынбай, байбалам шығарған жүргізуші қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полицейді екі сағат бойы капотымен алып жүрген Opel жүргізушісі изоляторға жеткізілді. Оқиғаның видеосын куәгерлер жариялған болатын. Полицейлердің айтуынша, бұл оқиға Байтұрсынов пен Иляев көшелерінің қиылысында болған. 1979 жылғы жүргізуші көлігін тиіс емес жерге қойып кеткен. "Көлік рұқсат етілмеген жерде тұрды. Содан полиция қызметкері жүргізушіге барып, құжаттарын сұрады. Алайда жүргізуші құжаттарды көрсетуден бас тартып, көлікті айдап кеткен", - деді полицейлер.

Осылайша полиция қызметкері көліктің капотында отырып, екі бағдаршамнан өткен. Содан Дулати мен Иляев көшелерінің қиылысында көлікке тосқауыл қойылды.

Қазіргі уақытта жүргізушіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы бойынша ("Билік өкiлiне қатысты күш қолдану") сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Жүргізушінің мас болған-болмағанын анықтайтын сараптама тағайындалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети