Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Шынымен-ақ қазақстандықтар Путиннің саясатын қолдау шеруіне қатыса ма?

23 Қыркүйек 2014, 10:00
0
Алаш айнасы иллюстрациясы
Алаш айнасы иллюстрациясы

Ресейдің 200 елді-мекені 27 қыркүйекте Путин саясатын қолдап көшеге шықпақшы. Сонымен қатар мұндай шеру бірқатар өзге мемлекеттерде де өтетін көрінеді, осы шараны ұйымдастырушылар соның бірі ретінде Қазақстанды атапты. "Алаш айнасы" бөтен елдің президенті саясатын жақтап, көшеге шықпақ ойдағы қазақстандықтар кімдер екенін сарапшылардан сұрап білуге тырысты...

Бүгіндері Ресейдің Мемлекеттік Думасында Конституцияға өзгеріс енгізу үшін қол жинала бастапты. Өзгеріс, негізінен, Ресейдегі мемлекеттік идеологияға салынған тыйымды алып тастау және Ресейдің үстінен қарайтын халықаралық құқық алғышарттарын шектеуді қамтиды. Мұның барлығы Путин саясатын қолдау үшін жасалып жатқан секілді. Тіпті, осыған байланысты 27 қыркүйекте Ресейдің әр қаласында «Антимайдан» шеруі өтіп, билік құрылымы мен БАҚ-тағы ұлт сатқындарымен күрес басталатындығы жарияланбақшы. Бұл шеруді өткізуге «Ұлт-азат етуші қозғалысы» биліктен рұқсат алған көрінеді. Оған қатысушылар америкалық құндылықтарға наразылығын, мемлекетке ұлттық идеологияны қайтаруды талап ететінін жоспарлап отыр. Аты аталған қозғалыстың сайтында шеруге 200 елді-мекен қатысатындығы, Ресей егемендігін жақтаушылар президент Владимир Путиннің саясатын қолдайтынын білдіретіндігі жазылған. Сондай-ақ осы күні басқа мемлекеттердің де азаматтары көшеге шығады деп уәде етіліпті. Олар - Германия, Белоруссия және Қазақстан. Бұл туралы ресейлік "Независимая газетаға" "Антимайданды" ұйымдастырушылардың бірі Василий Веселов мәлім етіпті. Бізді осы арасы елең еткізді. Көпвекторлы саясат ұстанатын Қазақстан өзге елдің ішкі мәселесіне араласпайтындығы белгілі. Тек ресми ұстанымы сұралғанда ресми жауап беріп отырады. Осы жағынан алғанда, ел атын жамылып, бізде өзге мемлекеттің сойылын соғып, көшеге шыққалы жүрген кімдер деген заңды сауал туындайды.

Әзімбай Ғали, саясаттанушы:

– Ресей кез келген мемлекет секілді халықаралық құқық алдында көптеген міндеттеме алған. Міне, бұл өзгеріс халықаралық қауымдастық алдындағы осы жауапкершіліктерінен жалтаруына мүмкіндік беруі тиіс. Демек, бұл демократияға қайшы әрекет. Қалай дегенмен де мұны Путин режимін сақтап қалу үшін жасалып жатқан қам деп есептеймін. Кеше ғана жексенбіде Ресей президенті саясатына қарсы қалың бұқара көшеге шықты. Бұл Путин рейтингісінің ел ішінде де түсіп бара жатқанын байқатады. Сарай маңында да бірдеңе боп жатқан болуы керек. Бұл іске Қазақстаннан осындағы орыс ұлты қолдау білдіріп көшеге шығуы мүмкін. Бірақ көп емес. Бізде адамдардың өз ойын ашық білдіруіне құқық берілген. Сондықтан бұл іс заңсыз боп табылмайды. Жалпы, одан бізге келіп-кетер дәнеме жоқ деп ойлаймын.

Нұрлан Сейдін, саясаттанушы:

– Парламентке жыл бойына неше түрлі заң жобасы, түрлі ұсыныстар келіп түсіп жатады. Бірақ оның барлығы бірдей қабылдана бермейтіндігі белгілі. Мұны да сол секілді қоғам тарапынан қолға алынған бір ұсыныс деп білемін. Путинге қазір қолдау ауадай қажет. Осыны ұтымды пайдаланып, өзінің мәртебесін бір асырып алғысы келетін саясаткерлер де баршылық. Меніңше, бұл өзгеріс Конституцияға енгізілмейді. Өйткені...

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай