1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Синоптиктер: 11 ақпанда бірқатар өңірде тұман түсіп, жел күшейеді10 ақпан 2018, 14:32

© photo.bymedia.net © photo.bymedia.net

Синоптиктер ертең, 11 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қазгидромет" орталығының хабарлауынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың солтүстік-батысында және оңтүстігінде кей жерлерде аздаған қар жауады. Қазақстанның басқа аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде желдің күшеюі мен тұман күтіледі.

"Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің күші 20-25, екпіні секундына 30 метрге дейін сақталады. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, күндіз жел болады, секундына 15-20 метр. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күшеюі секундына 15-20 метрге дейін жетіп, бұрқасын, тұман күтіледі", - деп ескертті метеорологтар.

Сонымен қатар, Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын және тұман болады. Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлеріне тұман түсуі ықтимал.