Синоптиктер: 25 ақпанда ауа райы құбылмалы болады

24 Ақпан 2018, 17:17
0
Синоптиктер: 25 ақпанда ауа райы құбылмалы болады - © interfax.by
© interfax.by

"Қазгидромет" орталығы жексенбі, 25 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, ертең, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерінде қар жауады, жел күшейеді, бұрқасын, батысында көктайғақ болады. Республиканың басым бөлігінде тұман түседі.

"Алматы облысының кей жерлерінде тұман, түнде Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы секундына 18-23 метрге жетеді. Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі - секундына 15-20 метр", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің екпіні секундына 15-20 метр болады. Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі. Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, Атырау облысында көктайғақ болады.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай