04 қаңтар 2020 | 09:22

Синоптиктер 4 қаңтар ауа райы қандай болатынын айтты

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz мұрағатынан Tengrinews.kz мұрағатынан

Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы, жауын-шашын болады, республиканың солтүстігінде қар жауады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК орталығына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы, жауын-шашын болады, республиканың солтүстігінде қар жауады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК орталығына сілтеме жасап.

Қазақстан бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, боран, жел күшейеді. Синоптиктердің болжамы бойынша, бұл атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты.

Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, боран соғады, жел секундына 15-23 метрге дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, боран соғады, түнде жел күшейеді, күндіз басым бөлігінде жылдамдығы 15-23 метрге дейін жетеді.

Жамбыл, Алматы, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады. Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында жел секундына 18-23 метрге дейін күшейеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети