30 қазан 2015 16:17

Синоптиктер алдағы демалыста ауа райының бұзылатынын болжады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© demiart.ru © demiart.ru

Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.


Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, 31 қазан - 2 қараша аралығында ауа райы жауын-шашынды, тұманды, желді және Қазақстанның бірқатар облысында көктайғақ болады.

"Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы кей аудандарда жаңбыр жауады. Антициклонға байланысты ауа температурасы төмендейді деп күтіліп отыр: түнде республиканың батыс, солтүстік және орталығында 5-10, кей жерлерде 13 градус, күндіз 0-8 градус суық болады", - деп хабарлады синоптиктер.

Айта кетейік, қалған аумақта түнде 0-5, кей жерлерде 10 градус суық болады, күндіз  0-5 градус жылы, шығыста 0-5 градус суық болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети