Синоптиктер Қазақстанда 18-20 сәуір күндері ауа райының қандай болатыны жайлы айтып берді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.
Синоптиктер Қазақстанда 18-20 сәуір күндері ауа райының қандай болатыны жайлы айтып берді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанға ауған антициклонның әсерінен еліміздің көптеген облысында жауын-шашынның қысқа уақытқа тоқталуы күтіледі.
"Ресейдің еуропалық бөлігінің орталық аймақтарынан жаңа циклон қалыптасып, сәуір айының ауа райы тұрақсыз болады деп болжанып отыр. Циклондар әсерінен және оның атмосфералық фронттарының ықпалынан батыс облыстарында тағы да жаңбыр күтіледі. Қазақстанда орташа тәуліктік температура әлі де қалыпты нормадан жоғары болады", - деп хабарлады синоптиктер.