Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

18 Қыркүйек 2017, 15:05
0
Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты - © kartinohigh.ru
© kartinohigh.ru

Синоптиктер 19-21 қыркүйек аралығына арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік облыстарда ауа райының салқындауы күтіледі.

"Батыс Сібір арқылы бірінің артынан бірі циклон орналасып, осы циклонға байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанның солтүстік аумағына жаңбыр алып келеді. Демалыс күндері ауа температурасы әдеттегіден 5...9 градусқа жоғары болды, енді суық фронттардың әсерінен ауа температурасы төмендеп климаттық нормаға жақын болады", - деді синоптиктер.

Сондай-ақ, еліміздің оңтүстік және батыс облыстарында алдағы 3 күнде жылы жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, климаттық нормадан 3...8 градусқа жоғары болады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай