1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты20 маусым 2018, 13:02

Синоптиктер алдағы күндері елімізде ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, атлантикалық циклондарға байланысты еліміздің солтүстігінде алдағы күндері жауын-шашын болады. Ал оңтүстік өңірлерде жауын-шашын болмай, ыстық ауа райы сақталады.

"Алдағы үш тәулікте Қазақстанға Батыс Сібірден ылғалды және салқын ауа келеді. Сондықтан еліміздің солтүстігіндегі облыстарда ауа райы төмендеп, солтүстік-батыс желі соғып, жауын-шашын болады", - деді "Қазгидромет" өкілдері.

Сондай-ақ, оңтүстік облыстарда 23 маусымға қарай ыстықтың қайтатыны айтылады. Синоптиктердің айтуынша, онда ауа температурасы 33-38 градустан 28-35 градусқа төмендейді.