Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

30 Шілде 2018, 12:06
0
Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты -

Синоптиктер 31 шілде - 2 тамыз аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің солтүстігінде ауа температурасы төмендейді.

"Қазақстанның солтүстік өңірлерінде жауын-шашын, кейбір аумақтарда найзағай тұрып, жел күшейеді. Сондай-ақ, ауа температурасы түнгі уақытта +5-16 градусқа дейін төмендеп, бұршақ болуы мүмкін. Ал еліміздің қалған өңірлерінде ауа температурасы бұрынғыдай нормада болып, кейбір жерлерде ғана жауын-шашын болады, - делінген хабарламада. 

 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай