Синоптиктер алдағы күндері елімізде қандай ауа райы болатынын айтты

09 Қараша 2016, 13:25
0
Синоптиктер алдағы күндері елімізде қандай ауа райы болатынын айтты -

Синоптиктер 2016 жылдың 10-12 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"Баренцево теңізінің үстінде қалыптасқан циклон Батыс Сібір арқылы оңтүстік-шығыс бағытқа жылжи бастады. Ал солармен байланысты салқын атмосфералық фронттар республиканың солтүстік және шығыс аудандары бойынша ауысатын болады", - деп хабарлады мамандар.

Синоптиктердің мәліметінше, арктикалық салқын фронттармен еліміздің солтүстік және шығыс аудандарында қар жауу, күшті солтүстік-батыстық жел, ауа температурасының төмендеуі осы кезең үшін қалыптағыдан төмен 4-7 градусқа дейін күтіледі. "Республиканың батыс облыстарына Ресейдің Еуропалық бөлігінің орталық аудандарынан жылы және ылғалды ауа ағыны келеді. Мұнда жаңбыр, сулы қар және тұман күтіледі, температура 3-5 градустан жоғары. Оңтүстікте таяудағы тәулікте жауын-шашынсыз, сосын жекелеген аудандарда жауын-шашын, түнде тұман түсуі мүмкін", - деді синоптиктер.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай