21 тамыз 2017 13:27

Синоптиктер алдағы күндері елімізде қандай ауа райы болатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер Қазақстанда 22-24 тамыз күндері ауа райының қандай болатыны жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.


Синоптиктер Қазақстанда 22-24 тамыз күндері ауа райының қандай болатыны жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, жақын күндері еліміздің көптеген аумағында синоптиктер ауа райы жауын-шашынсыз болады.

"Қазақстанның аумағы Қостанай қаласының үстінде орналасқан кезекті антициклонның ықпалында болады. Сондықтан жақын күндері еліміздің көптеген аумақтарында синоптиктер ауа-райы жауын-шашынсыз болады деп болжауда. Тек қана шығыста және оңтүстік-шығыста атмосфералық фронттар өтіп, өткінші жаңбыр жауып, найзағай болып, желдің күшейіуі болады деп күтіледі", - дейді синоптиктер.

Температуралық фон батыс, солтүстік-батыста түнде 10-23 градус жылы, күндіз 27-38 градусқа дейін жылы, солтүстік, орталық және шығыста түнде 5-15 градус жылы, күндіз 23-35 градусқа дейін жылы, оңтүстік, оңтүстік-шығыста түнде 10-20 градус жылы, күндіз 22-35 градусқа дейін жылы болады.

Сондай-ақ, синоптиктер Қызылорда облысында 22 тамызда желдің екпіні 25 м/с және шаңды дауыл болатынын айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети