Синоптиктер алдағы күндері қандай ауа райы болатынын айтты

07 Ақпан 2018, 17:05
0
Синоптиктер алдағы күндері қандай ауа райы болатынын айтты -

Синоптиктер 8-10 ақпан күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"Республикадағы ауа райының өзгеруін анықтайтын кең ауқымды антициклон Батыс Сібірге қарай баяу жылжуда, онымен бірге аяз да кетеді. Оның орнына Қазақстанның солтүстік-батыс аудандарында биіктік циклоны құрылады. Сондықтан алдағы екі тәулікте көптеген облыста ауа райы жауын-шашынсыз болады", - деді "Қазгидромет" өкілдері.

Мамандардың болжауынша, 10 ақпанда жағдай өзгереді: солтүстік-батыс, солтүстік және орталық облыстардағы биіктік циклонының ықпалынан, кейбір жерлерде қар жауып, боран соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай