1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Синоптиктер Алматыда мамырда қандай ауа райы болатынын айтты

© pexels.com © pexels.com

Синоптиктер Алматыда мамырда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" РМК алматылық филиалының инженер синоптигі Акзер Ашимнің мәліметінше сәуірдің 27-нен 30-на дейін жауын шашын болмайды. Ауа температурасы түнгі уақытта +2...+7 градустан +8...+13 градусқа дейін көтеріледі, ал күндіз +15... +20 градустан +23...+25 градусқа дейін көтеріледі. 

1 және 2 мамырда жаңбыр жауады деп күтіледі. Бұл күндері ауа температурасы түнгі уақытта 5-10 градус жылы, ал күндіз 15-20 градус болады. 

"Мамырдың 1-нен 5-не дейін және 15-нен 20-на дейін ауа температурасы төмендейді. Түнгі уақытта 7-12-ден 2-7 градусқа түседі, ал күндіз 22-25 градустан 15-20 градусқа дейін түседі. Одан кейін ауа температурасы көтеріледі: түнгі уақытта 12-17 градус, күндіз 23-30 градус жылы. Мамырда қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай тұрады. Жауын-шашын мөлшері нормадан жоғары болады, негізгі норма - 106 миллиметр", - деді Акзер Ашим.