Синоптиктер ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жасады

28 Наурыз 2018, 16:07
0
Синоптиктер ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жасады - © pixabay.com
© pixabay.com

Синоптиктер ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жасады. Мамандар 2018 жылдың 29 наурыздада ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"29 наурызда Ақмола облысының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерінде секундына 15-20 метр, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерінде екпіні секундына 23-28 метр күшейеді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, синоптиктер еліміздің бас қаласы мен бірнеше облысындағы ауа райына тоқталып кетті. 

Астана қаласында 29 наурызда кей уақыттарда көктайғақ, жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады күші секундына 15-20 метр болады.

29 наурызда тәулік бойы Қостанай облысының жел 15-20, екпіні секундына 23 метр, кей жерлерінде көктайғақ, тұман күтіледі.

29-31 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жел, найзағай күтіледі.

29 наурызда Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 екпіні секундына 23-28 метр күтіледі.

Тараз қаласында таңертең және күндіз 29 наурызда оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20, кей уақытта секундына 23-28 метр күтіледі.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай