03 маусым 2018 14:11

Синоптиктер дауылға байланысты Ақмола облысында ескерту жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Синоптиктер дауылға байланысты Ақмола облысында ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Синоптиктер дауылға байланысты Ақмола облысында ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" орталығының мәліметінше, ертең, 4 маусымда Ақмола облысында батыстан және оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.

"Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Астана қаласында 4 маусымда батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр болады. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 пайыз", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер Астана мен Алматыда дауыл соғатынын ескертті. "Ақмола облысының кей жерлерінде түнде желдің жылдамдығы секундына 15-20, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 метрге дейін жетеді", - деді мамандар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети