17 шілде 2015 16:18

Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Николай Колесников ©Николай Колесников

Синоптиктер 2015 жылғы 18-20 шілдеге арналған ауа-райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.


Синоптиктер 2015 жылғы 18-20 шілдеге арналған ауа-райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

"Еуропалық Ресейдің солтүстік-батыс аудандарынан ауысатын атмосфералық фронттар республиканың батыс, солтүстік және орталық облыстары арқылы кей жерлерде өткінші жаңбыр, найзағай, екпінді жел және күндіз температураның 23-31 градусқа, орталықта 27-35 градусқа дейін төмендеуіне әкеп соғады".

Сонымен қатар, осындай температураның осы кезеңге орташа климаттық мән шамасында және одан 1-3 градусқа төмен болатыны хабарланып отыр. Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс облыстарында жексенбі және дүйсенбі күндері өткінші жаңбыр жауатындығына қарамастан, бұрынғыдай өте ыстық, максималды температура 35-45 градусқа, шығыста 33-38 градусқа, кей жерлерде 42 градусқа дейін жетеді. Мамандардың айтуынша, бұл көрсеткіш нормадан 5-8 градусқа жоғары.

Еске салайық, осыған дейін синоптиктер шілденің ең ыстық күндерінің қай өңірде болатынын хабарлаған еді. Ал ай басында олар Қазақстанда шілде айының ауа райының қандай болатынын айтып берген. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети