1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты06 қаңтар 2017, 15:08

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Синоптиктер 2017 жылдың 7-9 қаңтарына арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"Тропосферада (шамамен 5 шақырым биіктікте) орныққан оңтүстік-батыс ағынымен Қазақстанға Жерорта теңізінен жылу мен ылғалға бай ауа массасы келіп түсуде. Бақыланып отырған ауа температурасы - климаттық нормадан 8-15 градусқа жоғары. Жексенбі күндері де желдің бағыты өзгермейді, бұл температураның нормадан жоғары болуын сақтайды. Сондай-ақ, республиканың батыс және солтүстік облыстарында кей жерлерге қар жауып, боран соғып, көктайғақ күтілуде", - деп хабарлады мамандар.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің қалған аумағында жоғары атмосфералық қысым өрісінің ықпалынан жауын-шашын болмайды, түнгі және таңғы сағаттарда тұман басып, көктайғақ болады.


ШҚО-да 12 сантиметр қар түсті
Тоқаев Алматыға келді