Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты

10 Ақпан 2017, 12:23
0
Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты - © Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Синоптиктер 2017 жылдың 11-13 ақпан күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"Қазақстан аумақтарында антициклонның ықпалынан арктикалық ауа массалары келе бастады. Сондықтан демалыс күндері республиканың шығыс және оңтүстік аймақтарынан басқа, көптеген облысында  ауа райы суық болады деп күтіледі", - деді мамандар.

Синоптиктердің мәліметінше, шығыста сенбі күні қар жауып, боран соғып, екпінді соққан жел сақталады. Ал Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне қар жауып, боран соғып, тұман басып, күшті жел батыстан соғып, белсенді фронттар аймағы ықпал ететін болады.

Сондай-ақ, еліміздің барлық аумағындағы ауа температурасы климаттық нормадан 5-10 градусқа төмен болатыны айтылады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай