Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты

10 Наурыз 2017, 12:28
0
Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты - © smartcity_msk - LiveJournal
© smartcity_msk - LiveJournal

"Қазгидромет" РМК мамандары 2017 жылғы 11-13 наурызға арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы демалыс күндері және дүйсенбіде Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында ауа райын биік циклондар анықтайды. "Солардың әсерінен ауа райы бұлтты жауын-шашынды, таулы  аймақтарда, ауа температурасы климаттық нормадан 1-3 градусқа төмен болады деп күтіледі", - дейді мамандар.

Ал республикамыздың қалған аудандары антициклонның ықпалында, сондықтан ауа райы аз бұлтты, жауын-шашынсыз болады деп болжанады.

Бірақ түнгі және таңғы уақыттарда, Қазақстанның басым бөлігінде көріну мүмкіндігі 500 метрден 100 метрге дейін тұман болады. Ауа температурасы осы кезеңдерде қалыпты нормадан 2-5 градусқа жоғары болады екен.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай