1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты02 маусым 2017, 15:41

Синопиктер 3-5 маусым аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айтуларынша, кезекті белсенді циклон Батыс Сібірге қарай жылжыйды, онымен байланысты суық арктикалық және жаңа арктикалық фронттар Қазақстанның ауа райына әсер ететін болады.

"Республика аумағы арқылы жылжыған фронттар жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ, күші 15-20 м/с және екпіні 23-28м/с болатын дауылды жел шақырады. Егер алдағы екі тәулікте көптеген облыстарда (батысты қоспағанда) ауа температурасы нормаға жуық және жоғары болады деп болжанса, ал дүйсенбіде Қазақстанның бүкіл  аумағында климаттық нормадан  3-6º С оның төмендеуі күтіледі", - делінген болжамда.