Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты

30 Наурыз 2018, 12:12
0
Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты -

Синоптиктер 31 наурыз-2 сәуір аралығында ауа райы қандай болатыны туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Cиноптиктердің мәліметінше, алдағы күндері солтүстік пен шығыста қар мен боран, ал оңтүстікте найзағай мен жаңбыр болады.

"Демалыс күндері Каспийдің оңтүстігінде қалыптасқан циклон Қазақстандағы ауа райына әсерін тигізеді. Оңтүстік облыстарда онымен байланысты циклондар жаңбыр, кей жерлерде найзағай ойнап, желдің екпіні 18-25 м/с дейін жететін ауа-райын алып келеді. Солтүстік және шығыс облыстарда циклондардың өтуіне байланысты қары басым болатын жауын-шашын, кей жерлерде боран күтіледі, желдің екпіні 18-25м/с дейін күшейеді", - деді синоптиктер.

Сондай-ақ, Ресейдің орталық аудандарының Еуропалық бөлігінен Қазақстанның батыс облыстарына антициклонның жылжуына байланысты ауа температурасының жоғарылауы және жауын-шашынсыз ауа райы болатыны айтылады.

Получить короткую ссылку

Тегтер:

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай