Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты

11 Мамыр 2018, 11:12
0
Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты -

Синоптиктер 2018 жылғы 12-14 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап. 

Болжам бойынша, мамырдағы шуақты және жылы күндер заматта жауын-шашынды және суық күндерге ауысады. "Алдағы демалыс күндері Қазақстанның көптеген облыстарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбырлы, найзағайлы, бұлтты ауа райы күтіледі", - дейді мамандар. 

Ал республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ыстық ауа райынан кейін, сондай-ақ жаңбыр, кей жерлерде күшті екпінді жел соғып, найзағай болады. Ауа температурасы төмендейді, бірақ климаттық норма шегінде болады, ал солтүстік, орталық және шығыс облыстардың кей жерлерінде 2 градусқа дейін қатқақ сақталады.

Получить короткую ссылку

Тегтер:

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай