28 қыркүйек 2018 17:03

Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© playcast.ru © playcast.ru

Демалыс күндері жылы болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Демалыс күндері жылы болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктер 29 қыркүйек - 1 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

"Қазақстан аумағының басым бөлігінде демалыс және қыркүйек айының соңғы күндері жауын-шашынсыз болады, ауа температурасы осы кезеңге қалыпты температурадан 2-5 градусқа жоғары болады деп күтіледі. Осындай қолайлы ауа райын антициклон және оңтүстік-батыс тропосфералық ағындары қамтамасыз етеді", - деді мамандар.

Метеорологтардың мәліметінше, республиканың шеткі солтүстік және батыс өңірлері атмосфералық фронттардың ықпалында болады, соның әсерінен кей жерлерде жаңбыр жауып, жел күшейеді. Алайда бұл өңірлерде де температура климаттық нормадан жоғары болады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети