Демалыс күндері ауа райы жауын-шашынсыз, ыстық болады деп күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Демалыс күндері ауа райы жауын-шашынсыз, ыстық болады деп күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, 13-15 тамыз аралығында елімізде ала бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады. "Ауа райы бұрынғыдай ыстық болып, еліміздің батыс бөлігінде ауа температурасы 37-41 градусқа дейін жоғарылайды. Мұндай температура климаттық нормадан 4-8 градусқа жоғары болмақ", - деп хабарлады мамандар. Сонымен қатар, олар еліміздік шығысында ғана ауа температурасы әдеттегіден төмен болатынын айтты.
"Еліміздің батыс аумақтарында өткінші жаңбыр мен найзағай тек сақталса, дүйсенбі күні республикамыздың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс бөлігінде де найзағайлы өткінші жаңбыр болуы мүмкін", - деп болжады синоптиктегілер.
Осыған дейін мамандар тамыз айында ауа райының қандай болатынын айтып берген болатын.Консультациялық болжамның шешімі бойынша бірінші және екінші онкүндігінің бірінші жартысы жылы әрі жауын шашынсыз болады. Ал, екінші және үшінші онкүндігінің соңында суық әрі ылғалды массалардың арқасында суық жаңбырлар болуы мүмкін, соған қарамастан солтүстікте, шығыста және орталық өңірлерде түнгі уақыттарда қатқақ болуы мүмкін.