Синоптиктер демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болатынын айтты

11 Қараша 2016, 14:54
0
Синоптиктер демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болатынын айтты - © Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Синоптиктер 2016 жылдың 12-14 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамына қарағанда, демалыс күндері Қазақстанның солтүстік жартысы циклон мен салқын атмосфералық фронттардың ықпалында болады. "Еліміздің солтүстік жартысындағы аймақ тұрғындарына қар жауу, бұрқасын және секундына 15-25 метр қатты желмен суық ауа райын күтуге тура келеді. Республиканың оңтүстік-шығысында сенбі және дүйсенбіде кей жерлерде жауын-шашын, жексенбі айтарлықтай жауын-шашынсыз болады", - деп хабарлады мамандар.

Сондай-ақ, Қазақстанның оңтүстігінде жауын-шашынсыз, жылы ауа райы болатыны айтылады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай