Синоптиктер 2016 жылдың 2-4 шілде күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктер 2016 жылдың 2-4 шілде күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
"Батыс Сібірдің оңтүстік аудандарын және Қазақстанның солтүстік аумақтарын қамтып, әсерінде ұстап отырған терең циклон, алдағы үш тәулікте өзінің әсерін басқа аумақтарға, еліміздің облыстарының басым бөлігіндегі ауа-райына әсер ететін болады. Найзағайлы жауын-шашын, екпінді жел және бұршақ болуы солтүстік және шығыс облыстарда басымырақ болады. Басқа аумақтардың жекелеген аудандарында найзағайлы өткінші жаңбыр болуы мүмкін. Батыс Сібірдің солтүстік аудандарының артынан келген салқын ауа ағысы, ауа райы температурасын климаттық нормадан 2-4 градусқа төмен деңгейінде ұстайды", - деп хабарлады синоптиктегілер.
Сонымен қатар, оңтүстік облыстарда ыстықтың беті қайтып, көпжылдық орташа температуралық белгілерге жақын болатыны айтылады.