Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
"Оңтүстік Каспий циклоны мен атмосфералық фронттардың Қазақстан аумағынан кетуіне байланысты еліміздің басым бөлімінде қар жауып, ал оңтүстік аумақтарда жауын-шашын болды. Батыс облыстардағы фронтардың Қазақстанға келуіне байланысты елімізде алдағы күндері боран, қар, секундына15-20 метрге жететін жел мен ауа температурасының төмендеуі күтіледі", - деді мамандар.
Сондай-ақ, синоптиктердің мәліметінше, еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аумақтарында демалыс күндері қатты жауын жауып, қар мен тұман болады.