Синоптиктер жазда ауа райы қандай болатынын айтты

17 Наурыз 2017, 12:26
0
Синоптиктер жазда ауа райы қандай болатынын айтты - © Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

2017 жылдың жазында ауа райы құрғақ әрі ыстық болады деп күтіледі. Синоптиктердің мәліметінше, ауа температурасы климаттық нормадан 1-2 градусқа жоғары болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жазда ауа райы қандай болатыны жайлы айтатын болсақ, биыл жазда ауа температурасы климаттық нормадан 1-2 градусқа жоғары болып, құрғақ ауа райы сақталады. Ал еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, солтүстік-батыс аумақтарында жауын-шашын мен бұршақ болуы мүмкін", - деді "Қазгидромет" орталығының директоры Марина Шмидт.

Алдын ала болжам бойынша, қыркүйек айында ауа райы салқын болады. "Қазақстанның солтүстігінде және шығысында ауа райы салқын болады. Бірақ қазан айында құрғақ ауа райы сақталып, күн жылынуы мүмкін", - деді Марина Шмидт. 

Еске сала кетейік, осыған дейін "Қазгидромет" орталығының директоры Наурыз мейрамында ауа райы қандай болатынын айтқан еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай