Синоптиктер қыркүйекте ауа райы қандай болатынын айтып берді

31 Тамыз 2017, 16:01
0
Синоптиктер қыркүйекте ауа райы қандай болатынын айтып берді -

Синоптиктер 2017 жылғы қыркүйекке арналған консультативтік болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, тамызда қыркүйек айына жылы ауа райы эстафетасын береді, бірақ еліміздің батысында және оңтүстік-шығысында ауа райы жаңбырлы болады. Алдын ала болжамға сәйкес, келесі аптада суық ауа массасының келуімен Қазақстанның барлық аумағында найзағай күркіреп, жаңбыр жауып, ауа температурасының бірте-бірте төмендеуі күтіледі. 

Синоптиктердің болжамы мынадай болып отыр:

"4-7 қыркүйек аралығында батыста түнде 12...20 градус жылы, күндіз 20...28 градусқа дейін жылы;

6-8 қыркүйек аралығында еліміздің солтүстікте және орталықта, 8-10 қыркүйекте шығыста түнде 7...15 градус жылы, ал күндіз 17...25 градусқа дейін жылы.

6-8 қыркүйек аралығында оңтүстікте түнде 12...20 градус жылы, күндіз 22...30 градусқа дейін жылы.

8-10 қыркүйек аралығында оңтүстік-шығыста түнде 10...18 градус жылы, ал күндіз 20...28 градусқа дейін жылы.

Одан кейін, Орталық Азия аймақтарынан жылы ауа массасының келуімен ауа температурасы қайтадан бірте-бірте жоғарылайды:

солтүстік жартысында күндіз 22...30 градусқа дейін жылы;

оңтүстік жартысында күндіз 27...35 градусқа дейін жылы".

Алдын ала болжам бойынша, қарқынды салқын толқындары айдың үшінші онкүндігінде күтіледі, еліміздің солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, арты сулы қарға ұласуы мүмкін екен. "Ауа температурасы төмендейді: солтүстік жартысында түнде 3 аяз... 5 жылы, күндіз 7...15 жылы; оңтүстік жартысындатүнде 2...10 жылы, күндіз 17-22 жылы", - дейді мамандар.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай